Түркістанда қоғамдық қауіпсіздікті бақылау үшін жаяу және автопатрульдер саны артты

14.05.2026 15:09

Мәртебелі меймандар бас қосатын алқалы жиынның қарсаңында Түркістан түрлене түсті

Түркістан Түркі елдері ұйымының бейресми саммитін өткізуге сақадай сай дайын тұр. Түбі бір түркі халықтарының Президенттері ертең кездеседі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Бұл жолғы басқосудың басты тақырыбы – жасанды интеллект пен цифрлық даму. Қазір қалада тәртіп сақшылары күшейтілген режимге көшті. Қоғамдық қауіпсіздікті бақылау үшін киелі шаһардың көшелерінде жаяу және автопатрульдер көбейген. Сондай-ақ мәртебелі меймандар бас қосатын алқалы жиынның қарсаңында Түркістан түрлене түсті. Түркі халқының тарихи байланысын айқындайтын сәулет туындылары бой көтеріп, бағаналарға бауырлас елдердің тулары ілінген. Одан бөлек, саммит өтетін алып киіз үй тігілді. Ғимарат 2 жарым айдың ішінде салынып, жан-жағына тарихи тамыры бір, түбі бір Түркі мемлекеттерінің мәдениетін, салты мен ғұрпын әспеттейтін арайы аймақтар ұйымдастырылған.

«Түркі мемлекеттерінен, нақтырақ айтқанда 7 мемлекеттен 17 атақты қолөнершіні шақырдық. Қазақстаннан ең мықты 33 қолөнершіні келді, 60 шақты қолөнерші ертең жиналады. Конгрес өтетін киіз үй құрдық . Қасында кішкентай сегіз үй ол символика ретінде түркі елдерінің киіз үйлері сияқты орнатылды. Мақсатымыз – туристерді тарту, – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасов.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Түркияның мәдени-гуманитарлық байланысы күшейіп келеді - Президент