Түркістан облысында 1 млн теңге бопсалаған блогер ұсталды
Рolisia.kz
Күдікті - өңірдегі танымал блогер
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысында 1 миллион теңге бопсалаған блогер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтері бойынша, Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіремін деп қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 млн теңге талап еткен.
"Тексеру кезінде ұсталған адамнан қаражат аударылған сомасы бар банк картасы мен журналистің қызметтік куәлігі табылды", - делінген хабарламада.
Күдікті өңірде блогер ретінде танымал, әлеуметтік медиа парақтарын белсенді жүргізеді.
Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында жоғалып кеткен 50 шақты жылқы мұз астынан табылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30