Олардың арасында кәмелетке толмаған 13 бала бар
Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып, 30 адам суға кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың арасында кәмелетке толмаған 13 бала бар. Өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көп жағдайда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырады.
Айта кетейік, аймақта шомылуға рұқсат етілген орындардың саны аз. Мәселені шешу үшін олардың қатарын 27-ден 70-ке жеткізу көзделген. Сондай-ақ төтеншеліктер жағажайларды аралап, суға түсетін орындардың қауіпсіздігін тексеріп жатыр.
«Жетісай және Ордабасы ауданында 2013-2008 жылғы балаларсуға батып кетті. Құзырлы органдармен бірлесе отырып, тиісті іс-шаралар жүріп жатыр. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері жүргізілген рейдке қарай 53 жеке тұлғаға 729 мың 386 теңге айыппұл салынды», – деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразкелді Дүйсен.
Оқи отырыңыз: Доландағы оқушы өлімі: мектеп директоры қызметінен босатылды