Түркістан облысында 90-ға жуық бекетте жанар-жағармай құны қымбаттаған

Өзбекстанмен шекаралас аймақтар қатаң бақылауға алынған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында жанар-жағармай құнын негізсіз көтеру фактілері тыйылмай тұр. Соңғы бір айдың өзінде 90-ға жуық бекетте бағаның қымбаттағаны анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ көрші елге мұнай өнімдерін заңсыз шығару деректерінің көбеюі өңірдегі жағдайды одан сайын ушықтырып тұр. Биыл мұндай заңбұзушылықтың 250-ге жуығы белгілі болып, 10 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сондықтан Өзбекстанмен шекаралас аймақтар қатаң бақылауға алынған. Ал жауапты органдар жанармай тапшылығын болдырмас үшін арнайы топтар құрып, күн сайын мониторинг жүргізіп жатқанын мәлім етті.

 «2025 жылдың 16 қазанынан бастап бағаны тұрақтандыру мақсатында АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге Үкімет тарапынан мораторий енгізілді. Мораторийдің орындалуын облыс көлемінде және аудан, қала әкімдіктерінде құрылған жұмысша топтар бақылауда.  Бүгінгі күнге ірі желілік жанармай құю бекеттеріндегі АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы 225 тг, АИ-95 маркалы бензиннің орташа бағасы 281 тг, дизельдік отынның орташа бағасы 325 тг», – деді кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов.

Оқи отырыңыз: Келешек мектебі: Арыс қаласында 600 орындық білім беру ордасы ашылды

Новости партнеров