Түркістан облысында азық-түлік құнын негізсіз өсірген 28 тұлға жауапқа тартылды

19.02.2026 15:37

Өңірде бағаны бақылау үшін мобильді топтар құрылды

Түркістан облысында бағаны бейберекет өсірген кәсіпкерлер жазалана бастады. Биыл азық-түлік құнын негізсіз шарықтатқан 28 тұлға жауапқа тартылған, деп хабарлайды Almaty.tv

Мамандардың айтуынша, әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарларға үстемақы қосып, пайда табуды көздегендер көбейген. Енді бағаны бақылау үшін өңірде мобильді топтар құрылыпты. Олар базарлар мен дүкендерді аптасына екі рет аралап, шекті үстемақының сақталуын тексереді. Ереже бұзылған жағдайда айыппұл бірден рәсімделеді. Бағаны тұрақтандыру үшін арнайы қор да іске қосылған. Қор арқылы 70-ке жуық әлеуметтік тауар ірі сауда орындарына жеткізіліп, нарықтан 10–15 пайыз арзан сатылған.

«2025 жылдың ішінде әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз өсіргені үшін сауда орындарына қатысты 97 әкімшілік шара қолданылды. 564 мың теңге айыппұл толық өндірілді», –  деді Кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда бөлімінің басшысы  Абай Шеңгелбаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда полиция жол қауіпсіздігін бақылауға алды