Түркістан облысында бір отбасының үш адамы газдан уланып, көз жұмды

Мамандар қайғылы жағдайға түтін мұржасының тазаланбауы себеп болғанын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында қайғылы жағдай. Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылында бір отбасының үш адамы газдан уланып, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның екеуі кәмелетке толмаған бала және олардың анасы. Бұдан бөлек тағы бір бүлдіршін ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр. Мамандар қайғылы жағдайға түтін мұржасының тазаланбауы себеп болғанын айтты. Сондай ақ төтеншеліктер қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.

«Оқиға орнында Төтенше жағдайлар мен Полиция департаментінің және жедел медициналық жәрдем қызметінің күштері жұмыс істеді. Аталған жағдай бойынша қажетті тексеру тағайындалып, оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр», – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Бетін де тіліп тастаған: Шымкентте жас қыздың денесін туыстары мәйітханадан алды

Новости партнеров