Дәрігерлер әзірге олардың жағдайы туралы ақпарат берген жоқ
Түркістан облысында қоғамдық тамақтану орнында болған жарылыстан зардап шеккендер Шымкентке жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дәрігерлер әзірге олардың жағдайы туралы ақпарат берген жоқ.
Еске салсақ, жаңа жыл түні Кентау қаласындағы дәмханада газ баллоны жарылып, салдарынан 18 жастағы азамат қаза тапқан. Тағы төрт адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі – кәмелетке толмаған бала. Қазір бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
«Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау жедел түрде ауыздықталды», – делінген Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: «Төңкеріс» жасауға әбден машықтанған мамандар адамдарды жаппай шеруге шығуға итермеледі – Тоқаев