Түркістан облысында иесіз жатқан учаскелер мемлекет меншігіне қайтарылды

05.03.2026 14:40

Мамандардың айтуынша, әрбір жер телімі халық игілігіне жұмыс істеуі тиіс

Жерді мақсатсыз пайдаланып, оны тек «тауар» ретінде ұстап отырғандардың дәурені аяқталды. Түркістан облысында иесіз жатқан немесе тиімсіз қолданыстағы учаскелер мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Былтырғы жоспар бойынша 110 мың гектар аумақты қайтару көзделсе, іс жүзінде бұл көрсеткіш 129 мың гектарға жеткен. Мамандардың айтуынша, әрбір жер телімі халық игілігіне жұмыс істеуі тиіс. Сондықтан пайдаланылмай бос жатқан алқаптарды анықтау және оны заңды иесіне мемлекетке қайтару шаралары алдағы уақытта да жалғасады. 

«Аудан қала кесіндісінде жұмысшы топ құрылған. Оның негізгі мақсаты мал бас саны мен жайылымға жүктемесін қарап шығу. Мал басы тіркелмеген жерді қарап, оны мемлекет меншігіне қайтару тапсырылған болатын», – деді облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген.

Оқи отырыңыз: Биыл Ақмола облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылады