Түркістан облысында ірі жол-көлік апатынан 3 адам қаза тапты

14.07.2025 20:09

Тағы бір азамат өте ауыр хәлде ауруханаға түсті

Түркістан облысында ірі жол-көлік апаты болды. Анығырақ айтсақ, Ордабасы ауданында «Лада» және «Газ-53» маркалы екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ тағы бір азамат өте ауыр хәлде ауруханаға түсіпті. Куәгерлердің сөзінше, жүк көлігі жол жиегінде жарықшамын жақпай тұрған көрінеді. Ал жеңіл көлік жүргізушісі оны байқамаған. Қазір өңірлік полиция аталған іске қатысты барлық мән-жайды анықтап жатыр.

 «Қазіргі таңда науқастың жағдайы өте ауыр. Тұрақсыз. Санасы кома-2. Барлық емдеу шарасы ҚР емдеу туралы хаттамаларына сәйкес жүргізілуде. Динамикада жағдайын бақылайтын боламыз», – деді Ордабасы аудандық орталық ауруханасының басшысы Райымбек Тасырбаев.

Оқи отырыңыз: Астанада көліктен ақша ұрлаған ер адам қолға түсті