Түркістан облысында мүгедек жігітті зорлады деп айыпталған туыстары 9 жыл сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атышулы іске қатысты Келес аудандық сотында жарыссөз өтіп, прокурорлар айыпталушыға осындай жаза сұрады. Ал жәбірленушінің жақындары бұл мерзіммен келіспейді. Еске салсақ, жаға ұстатарлық жайт ақпан айында болған еді. 24 жастағы жігіт басынан өткен қорлықты наурыз айында анасына айтып берген. Сол сәтте ғана сұмдықтың беті ашылып, тергеу басталған болатын. Бүгінде үш күдікті тұтқындалған. Алайда жәбірленуші өзіне алты туысы зорлық көрсеткенін айтқан. Бірақ олардың кейбірі кәмелетке толмағаны үшін әрі дәлел жеткіліксіз болғандықтан жауапқа тартылмапты.
«Біз 121-баптың 2-бөлігі бойынша ең жоғарғы жаза 12 жыл. Сондықтан 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрадық. Сот тергеуінде де, тергеу барысында да жан-жақты обьективті қарады деп ойлаймыз. Ол жерде тиісті дәлелдемелер бар жинақталған. Сондықтан әділ шешім шығады деп ойлаймын», – деді жәбірленушінің адвокаты Гүлайхан Тұрсуманова.
Оқи отырыңыз: Әйелі мен ұлын өлтірген: Қостанай облысында күдікті кәнісін мойындады