Түркістан облысында полиция инспекторы қаза тапты

05.03.2025 16:10

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді

Scott Rodgerson

Түркістан облысында құқық бұзушыны қуу кезінде жол-патрульдік полиция инспекторы көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

" Қызметтік міндетін атқару барысында құқық бұзушыны қуу кезінде қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің жол-патрульдік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", — деп жазды ол Facebook парақшасында.

Оқи отырыңыз: Арыс қаласындағы оқушы әлемнің үздік 30 университетінен шақырту алды