Түркістан облысында суға құлаған баланы іздестіру шаралары жалғасуда

30.03.2026 15:45

 Іздеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазығұрт ауданындағы шлюздің жұмысы тоқтатылды

Түркістан облысында сегіз жасар баланы іздестіру жұмыстары бір аптадан бері тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Анасының айтуынша, бүлдіршін ойын кезінде абайсызда Келес өзеніне құлап кеткен. Құтқарушылар мен сүңгуірлер өзен табанының 900 метрге жуық аумағын мұқият тексеріп, Лесбек батыр елді мекенінен Сырдария өзеніне дейінгі 9 шақырымдық учаскені толық қарап шықты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

 Іздеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазығұрт ауданындағы шлюздің жұмысы тоқтатылып, Өзбекстанға тиесілі «Зах» каналының шлюзі жабылды.

«Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, оның құрамында Түркістан облысы ТЖД, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және еріктілер бірлесіп іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Ұшқышсыз ұшу аппаратымен 50 шақырым жерді, өзен арналарын барлау жұмыстары жүргізілуде. Іздестіру жұмыстары ары қарай жүргізілетін болады», – деді Дүйсен Оразгелді, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.

Оқи отырыңыз: Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды