Түркістан облысында теміржол қызметкерін пойыз қағып, мерт қылды

04.02.2026 15:13

Аталған дерек бойынша Түркістан станциясының желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады

Түркістан облысында теміржол қызметкерін пойыз қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Қайғылы оқиға Қостүйін станциясында болған. Марқұм алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, пойыз шамамен сағатына 78 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Қауіп туындаған сәтте машинист тежегішті шұғыл іске қосқанымен, рельс бойымен келе жатқан қызметкер жолдан шығып үлгермеген. Аталған дерек бойынша Түркістан станциясының желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

«Қазіргі уақытта іс бойынша оқиғаның мән жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеті жүргізілуде. Көліктегі полиция департаменті азаматтарды теміржолда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертеді. Қауіпті аймақтарда болғанда аса сақ болу қажет», – деді Түркістан станциясы Желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Бақытбек Серікбаев.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында фазендада есірткі өсірген ер адам ұсталды