Түркістан облысында той кортежін ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

стоп кадр
стоп кадр

Полиция заң баршаға ортақ екенін ескертеді және жүргізушілер мен басқа жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Mercedes-benz, Toyotar және Nexia 5 автокөліктің жүргізушілері анықталды. Көрсетілген көлік құралдары айыптұрағына қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құқық бұзушылар авариялық жағдай жасағаны, жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамағаны, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз басқарғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ көлік құралдарына зақым келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция заң баршаға ортақ екенін ескертеді және жүргізушілер мен басқа жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз: БАӘ-де ұсталған криптовалюта саудагері Қазақстанға қайтарылды

Новости партнеров