Түркістан облысында тұрғын үйде болған өрттен 12 адам мерт болды

Оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін таңертең Түркістан облысы ТЖД «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түркістан облысында жеке тұрғын үйден алапат өрт шығып, бүтін бір әулеттің 12 адамы қаза тапты.

Марқұмдардың тоғызы бала. Қайғылы жағдай бүгін таңертең Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенше, екі қабатты баспана сау тамтығы қалмай өртеніп кеткен. Көршілердің айтуынша, бір күн бұрын үй иелері қонақ шақырған.

«Өртті барлау және сөндіру барысында үйден ес-түссіз күйде үш адам табылып, жедел медициналық бригадасына тапсырылды. Үйден тоғыз баланы қоса алғанда барлығы 12 адамның денесі табылды. Көршілерінің айтуынша, үй  иелері алдыңғы күні іс- шара өткізген. Үйде қонақтар болған. 360 шаршы метрге тараған өрт толық сөндірілді. Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр», – деді ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы Дархан Бейсеуов

Еске салайық, қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды. Қазір Президенттің тапсырмасы бойынша өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.

Оқи отырыңыз: Павлодарда 200-ден астам ұрланған мал иелеріне қайтарылды

 

Новости партнеров