Түркістан облысында жанар-жағармай бекеті өртенді

17.11.2025 12:43

Алдымен жүк көлігі өртеніп, одан кейін жалын жанармай құю бекеті ғимаратының шатырына жайылған

стоп кадр

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы Сайрам ауданында жол бойындағы жанармай құю бекетінің өртеніп жатқан бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылындағы «Ақсу-Қарабұлақ» тас жолының бойында орналасқан жанар-жағармай құю бекетінен шыққан.

Алдымен жүк көлігі өртеніп, одан кейін жалын жанармай құю бекеті ғимаратының шатырына жайылған.

"2025 жылы 16 қараша күні сағат 16:44-те Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, Қарабұлақ тас жолы жанар-жағармай бекетінің жалпы көлемі 150 шаршы метр ғимаратының төбе жаппасы жанды. Өрт сағат 17:04-де оқшауланып, сағат 17:23-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми хабарламасында.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 40 құтқарушы мен 9 техника, 103 қызметінің тобы (3 қызметкер және 1 техника) және «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС мамандары (3 адам және 1 техника) жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Анти Call-орталықтар 70 мыңнан астам алаяқтық қоңырауды тоқтатты