Олар мемлекетке 3 млрд теңгеге жуық материалдық зиян келтірген
Түркістан облысында заңсыз балық аулағандар сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәлім болғандай, үш азамат Шардара су қоймасынан 370 келіден астам сазан мен 2 келі көксерке, сондай-ақ жыланбас балығын рұқсатсыз ұстапты. Нәтижесінде мемлекетке 3 млрд теңгеге жуық материалдық зиян келген. Сотта олардың кінәсі толық дәлелденіп, тиісті жаза тағайындалды.
«Өз кезегінде сотталушылар кінәсін толық мойындап, оларға балық шаруашылығына қатысты белгiлi бiр лауазымды атқару немесе балық шаруашылығына қатысты белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл 5 айға айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеуге жазасы тағайындалып, бүгінгі таңда мемлекет пайдасына 406 372,2 теңге келтіріліген залал соммасы өндірілді», – деді Шардара ауданының прокуроры Алмас Әлі.
Оқи отырыңыз: Ақтауда хауызда хлор ерітіндісі шекті нормадан асқан - эпидемиологтар растады