Түркістан облысында жалған инспектор пара алған

11.06.2025 08:32

Оқиғаға байланысты Көлік министрлігі ресми мәлімдеме таратты

Noman Khan/unsplash.com/

Көршілес елден келген жүк көлігінің жүргізушісі күдікті азаматты жасырын бейнежазбаға түсіріп алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ер адамның азаматтық киімде екені байқалады. Ол өзін құзырлы орган қызметкерімін деп таныстырып, ашық түрде ақша талап еткен.

Бейнежазбада күдіктінің пара сұраған сөздері анық естіледі. Ол жүргізушінің құжаттарын тексеріп, көлікті таразыға тартатынын айтқан. Егер ақша бермесе, келесі күні жолығатынын ескерткен.

Оқиғаға байланысты Көлік министрлігі ресми мәлімдеме таратты.

"Бейнежазба бойынша ішкі тексеріс жүргізілді. Аталған адамның көлік инспекторы емес екені анықталды. Мұндай жағдайлар туындаған жағдайда Көлік министрлігінің ахуалдық орталығына 98-35-35 нөмірі арқылы хабарласуға болады", — делінген ведомство ақпаратында.

Оқи отырыңыз: Алматыда 9-15 маусым аралығында ауа райы қандай болады