Түркістан облысында 70 жастағы қария жасөспірім қызды зорлаған

21.10.2025 14:38

Ең сорақысы, күдікті жасөспірімнің туысқан атасы болып шыққан

Түркістанда тағы да төбе шашты тік тұрғызар оқиға болды. Келес ауданында 71 жастағы қария 15 жастағы қызды зорлаған. Ең сорақысы, күдікті жасөспірімнің туысқан атасы болып шыққан, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Өзге емес, өз ағайынынан жәбір көрген оқушы болған жайт туралы босанғанға дейін ешкімге тіс жармапты. Ал ата-анасы қыздарының жүкті екенін жеті айында бір-ақ білген. Бүгінде болған жайтты естіген жұртшылық күдіктінің отбасын ауылдан көшіруді талап етіп отыр.  

Айта кетейік, оқушы қыз ақпан айында сәбиін дүниеге әкелген. Ал азғындыққа барған зейнеткер бүгінде қамауға алынды.  

«Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижесімен тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қылмыстық істің тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды», - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да заңсыз алтын өндіру дерегі анықталды