Түркістан облысында жоғалған 6 турист табылды

Олар Бәйдібек ауданындағы «Үлкен Тұра» шыңын бағындыруға шығып, үйіне белгіленген уақытта оралмаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында жоғалған 6 турист құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар Бәйдібек ауданындағы «Үлкен Тұра» шыңын бағындыруға шығып, үйіне белгіленген уақытта оралмапты. Байланыс үзілген соң, алаңдаған туыстары бірден құтқарушыларға хабар берген. Дереу оқиға орнына барған мамандар 4 шақырым таулы аймақты, 1 шақырым өзен бойымен жүріп өткен. Жоғалған туристер тек түнгі уақытта табылған.

«Іздестіру жұмыстары «Үлкен Тұра» шыңында, «Сырдария–Түркістан» өңірлік табиғи паркі аумағында жүргізілді. Сағат 22:30-да жоғалған адамдар табылды. Оның ішінде бір әйел жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілген. Қалған адамдар медициналық көмекке мұқтаж болмаған», – деді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат Ержанов.

Оқи отырыңыз: Павлодарда екі жасар бала биіктен құлап кетті

Новости партнеров