Түркістан облысында жоғалған жасөспірімдер табылды
Кәмелетке толмаған екі турист адасып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысында кәмелетке толмаған екі турист адасып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кейіннен олардың кешкі уақытта ата-анасыз жүргені анықталған. Қос жасөспірім 4 сағат бойы іздестіріліп, «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағынан табылды. Абырой болғанда, жеткіншектер аман. Төтеншеліктер саяхатшыларды геолокация арқылы тауып алыпты.
«Түркістан облыстық ТЖД 2 жеке құрам, 1 техника жұмылдырылып, сағат 21:40-та ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен таудан 255 м биіктіктен табылып, төменге түсірілді. Медициналық қызмет қажет етпейді, ата-анасына табысталды», – деді Төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Ақарыс Омар.
Оқи отырыңыз: Шымкентте жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші сотталды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47