Газ құбырының ұзындығы 10,700 шақырым
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылдық округіне қарасты Жұлдыз елдімекеніне табиғи газ берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Салтанатты шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев қатысып, тұрғындардың қуанышын бөлісті. Ізгі тілегін жеткізіп, бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатының жарқын көрінісі екенін атап өтті.
Газ құбырының ұзындығы 10,700 шақырым. Нәтижесінде аудандағы жалпы 50 елдімекеннің 39 елдімекені (78%), 48 221 халықтың 43 778-і (90,8%) табиғи газбен қамтылды.
Бұдан бөлек, биыл 8 елдімекенді газдандыру құрылысы жүргізілуде. Бұл жобалар толық іске асқан жағдайда, Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылады.
Оқи отырыңыз: Шымкентте жолда болған қанды төбелес: төрт күдікті қолға түсті