Түркістан облысындағы балабақшада балалар тағамнан уланып қалды

BBC Creative/unsplash.com/
BBC Creative/unsplash.com/

Оқиға Сайрам ауданында болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аталған жағдай бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Сайрам ауданында болды. Теспе ауылындағы «Нарымбет ата» ЖШС-не қарасты бөбекжай-балабақшада 26 адам тағамнан уланды. Уланғандардың ішінде 24 бала мен 2 қызметкер бар.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, балабақшада жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында санитариялық талаптардың өрескел бұзылғаны анықталған. Азық-түлік өнімдері мен қызметкерлерден алынған сынамалардан оң нәтижелер шыққан.

"Барлық науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.Тағамнан улануға асханада технологиялық процестердің бұзылуы, өнімдердің дұрыс сақталмауы және қызметкерлер тарапынан жеке бас гигиенасының сақталмауы себеп болған. Аталған жағдай бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", — делінген облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан ұсынылған ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Жетісуда ірі алаяқтық қылмыс әшкереленді

 

Новости партнеров