Түркістан облысындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды

Газ беру уақытша тоқтатылды, желілерге тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысының Отырар ауданындағы көпқабатты үйде жойқын жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, тұрғындардың бірі газ жүйесіне өз бетімен қосылмақ болған. Соның салдарынан үйдің бір бөлігі опырылып, қабырғалары қираған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

35 жастағы әйел ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бірнеше пәтер зақымданған. Төтенше жағдай қызметі өрттің өршіп кетуіне жол бермеді. Қазір көпқабатты үйге газ беру уақытша тоқтатылған. Мамандар желілерді тексеріп жатыр.

«QazaqGaz Aimaq» компаниясы тұрғындарға газ жүйесіне өз бетінше қосылмау керек екенін ескертеді. Ал апаттың нақты себебі арнайы тексеруден кейін белгілі болмақ.

«Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем, полиция, жергілікті атқарушы органдар, 104 апаттық қызметі жұмыс атқаруда. Үй тұрғындары уақытша Шәуілдір ауылындағы колледж жатақханасына орналастырылды. Оқиға орынында анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Айнабек.

Оқи отырыңыз: Қар басу қаупі бар учаскелерде 70 мың ағаш қалқан орнатылды

Новости партнеров