Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев аза тапқандардың отбасына көрсетіліп жатқан көмекке тоқталды
Түркістан облысы Алғабас ауылындағы үйден шыққан өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Мұндай болжамды Сенат кулуарында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, қазір құқық қорғау және мемлекеттік органдар осы нұсқа бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ол қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көрсетіліп жатқан көмекке тоқталды.
«Әртүрлі, әртүрлі социалдық мәселе, психологиялық көмек, қаржылай мәселе. Сонан кейін ана үйді жаңадан қалпына келтіру, ремонттау, бәрі қолға алынып жатыр», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев.
Оқи отырыңыз: Түркістан обьлысында өрттен аман қалған 39 жастағы ер адам Шымкентке жеткізілді