Түркістан облысының тауларында турист аюды жолықтырып, кездесу ерекше аяқталды

25.08.2026 21:50

Тянь-Шань қоңыр аюы көбіне таулы орманды алқаптарда, аршалы және бұталы жерлерде мекендейді

instagram.com/diaskuralbekk

Шымкенттің 26 жастағы тұрғыны Диас Түркістан облысының тауларына жиі шығып тұрады. 21 тамызда ол досы Хан Биссакалмен бірге биіктігі 4 238 метр болатын Сайрам шыңына аттанған. Шыңға өрлеу кезінде олар аюды байқап қалды,  деп хабарлайды Almaty.tv.

"Аюды алдымен досым Хан көрді. Ол аюды үркітпек болғанда, жануар тура менің алдымнан - шамамен бес метрдей жерден жүгіріп өтті. Содан кейін аю тоқтап қалды. Сол сәтте бұл маңда сегізге жуық адам болды, сондықтан өзіміздің және басқа топтардың қауіпсіздігі үшін оны алысқа қууды жөн көрдік", - деп бөлісті ол.

Сайрам-Өгемдегі Тянь-Шань қоңыр аюы — ұлттық парктің сирек кездесетін әрі аса маңызды жабайы жануарларының бірі. 

Тянь-Шань қоңыр аюы көбіне таулы орманды алқаптарда, аршалы және бұталы жерлерде мекендейді. Ол табиғи экожүйенің тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Аю өсімдіктердің тұқымдарын таратуға және жануарлар дүниесіндегі табиғи байланысты сақтауға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Тамызда сәттілік кімді күтіп тұр

Толық көрсету