Түркістанда бас шыршаның шамы жағылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Шырша жағу рәсімі жаңа жылдық отшашуға ұласты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістанда Жаңа жыл мерекесіне орай «Жарқыра, Жаңа жыл шыршасы!» салтанатты іс-шарасы өтті. Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталығы алаңында орнатылған бас шыршаның шамы жағылып, мерекелік кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жиналған жұртшылықты келе жатқан жаңа 2026 жылмен құттықтады.
Мерекелік кеште Аяз Ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері өнер көрсетіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шырша жағу рәсімі жаңа жылдық отшашуға ұласты. Мерекелік шарада елімізге танымал өнер жұлдыздары: Зарина Омарова, Жігер Ауыпбаев, Асқар Жүнісбеков және Түркістан қаласының өнерпаздары өнер көрсетіп, әннен шашу шашты.

Түркістан қаласы жаңа жыл қарсаңында ерекше сәнге бөленіп, түрлі жарықшамдармен көмкерілді.
Айта кетейік, Түркістан облысында жаңа жылдық безендірулерге мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбеген.

Оқи отырыңыз:  Алматының коммуналдық қызметтері мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді

Новости партнеров