Түркістанда терең құдыққа құлап кеткен әйел құтқарылды

09.05.2026 12:51

Әйелге жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетті

Depositphotos.com

Түркістан қаласында терең құдыққа құлап кеткен әйел құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ТЖМ мәліметінше, оқиға Юсупов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1976 жылы туған әйел белгісіз себеппен тереңдігі шамамен 12 метр болатын суы бар құдыққа құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккен әйелді құдықтан шығарып алды.

Кейін ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда ерекше қажеттілігі бар балалар өнер көрсетті