Түркістанда үшем дүниеге келді

Үшемнің анасы — Орынкүл Нұрабаева бес бірдей немеренің әжесі, 8 бала тәрбиелеп отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістанда 5 немере бағып отырған әйел үшем босанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орынкүл Нұрабаева — бес бірдей немеренің әжесі. 8 бала тәрбиелеп, өсірген ол бірер күн бұрын тағы да ана атанып, бірден үш ұлды өмірге әкелді. 43 жастағы әйел үшін бұл — үлкен қуаныш, бірақ босану кезінде денсаулығына алаңдағанын жасырмады.

«Жүктілік оңай болмады, сәл қиындау. Үшем болғаннан кейін ауруды ұмытып кеттім. Ота жасалды», – деді көпбалалы ана Орынкүл Нұрабаева

Дәрігерлер бүгінде ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы деп отыр. Олар 1 апта бойы бақылауда болып, үйіне шығарылған.

«Жүктіліктің 35 аптасында жоспарлы кесір тілігімен босандырылды. Балалары туылғанда, алғашқы нәресте 2265 салмағы, бойы + 47 см. Екінші нәресте 2455 гр. Үшінші нәресте 2450гр. Үш нәрестенің де салмағы жақсы. Жүктілік мерзіміне сәйкес», – деді Түркістан облыстық № 1 перинаталдық орталығының басшысы Салтанат Жабиғаева.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында шамамен 27 мың сәби дүниеге келген. Олардың арасында екі отбасы үшем сүйсе, 280-нен астамы егіз болыпты. Өңір республикадағы туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр.

Лаура Бабас, Абзал Тұрабеков, Шымкенттен

Оқи отырыңыз: Алматыда көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа тәртібі түсіндірілді

Новости партнеров