Түркістандық дауыс берушілер сайлау учаскесіне қайықпен жеткен

23.08.2026 22:56

Түркістан облысындағы 20 мың жас алғаш рет өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды

Бүгін отандастарымыз сайлау учаскелеріне ауа шарымен, парашютпен және түрлі костюммен барды. Ал Түркістандық дауыс берушілер «Керуен-сарай» кешеніндегі сайлау учаскесіне қайықпен жеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

 Жас жұбайлардың бұл әрекеті тұрғындар арасында саяси науқанға деген қызығушылықты арттырып, Түркістанның туристік мүмкіндігін көрсетуге бағытталды.

Айта кетсек, бүгінгі саяси науқанда Түркістан облысындағы 20 мың жас алғаш рет өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды.

«Халыққа Құрылтай сайлауының ерекше атмосферасын сездіргіміз келді. Көп адам қайықпен серуендеп келе бермейді. Осы арқылы Түркістанның әсемдігін, көрікті жерлерін көрсетіп, маңызды күнге ерекше көңіл-күй сыйлағымыз келді», – деді қала тұрғыны Іңкәр Міршәкір.

Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауы: Алматыда 170 инватакси жұмыс істеді

Толық көрсету