Азамат Мақұлбеков әйгілі «Медеу» мұз айдынында 100 келілік өгіз мүсінді қапты 34 минутта баспалдақпен көтеріп шықты
Түркістандық спортшы жаңа рекорд орнатты. Арыс қаласының тумасы Азамат Мақұлбеков әйгілі «Медеу» мұз айдынында 100 келілік өгіз мүсінді қапты 34 минутта баспалдақпен көтеріп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның бұл көрсеткіші КинЭС рекордтар кітабына енді. Спортшының айтуынша, 842 баспалдақты бағындыру өте ауыр соққан. Оның үстіне Алатаудың жаңбыры да себелеп, адымын қиындата түсіпті. Әйтсе де алып күш иесі қиындықты еңсере білді. Ал рекордтар кітабының ресми өкілі «бұған дейін мұндай рекорд тіркелмеді» дейді.
Айта кетсек, арыстық спортшы бұған дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алыптар сайысының жеңімпазы атанып, ел мерейін үстем еткен. Сондай-ақ 40 келілік қошқарды 3555 рет отырып-тұрып көтеріп, Қазақстанның рекордтар кітабына енген.
«Қиналамын деп ойламадым. Арыста мостта дайындалғанмын. Бірақ таудың қысымы бөлек екен. Дайындалып жүрген соң қиындықты жеңе алдым», – деді спортшы Азамат Мақұлбеков.
Оқи отырыңыз: Әлем чемпионаты: Алматыға әлемнің үздік жас шахматшылары келді