Түркістандық жанкүйер қақпасына «Қайрат» пен «Реалдың» эмблемасын салды

30.09.2025 21:37

18 жастағы Рамазан Сәдуақас сурет салумен 10 жылдан бері айналысады

Түркістандық жанкүйер үйінің қақпасына алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» клубының эмблемасын салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

18 жастағы Рамазан Сәдуақас сурет салумен 10 жылдан бері айналысады. Күнделікті жұмыстан кейін қолына қылқаламын алатын жігіт бұл жұмысқа бір аптаға жуық уақытын арнаған. Өзі – «Реал Мадридтің» жанкүйері. Ал бүгінгі ойында ол «Қайрат» футбол клубына жанкүйер болмақ.

Рамазан қақпаның екінші жағына «Қайрат» пен «Арсенал» командаларының эмблемасын салып жатыр. Чемпиондар лигасындағы екі команданың ойыны басталғанша суретті аяқтауды жоспарлап отыр.

«Реалдың» Алматыға келгеніне өте қуаныштымын!  Бір жағына «Реал» бір жағына қазақтың «Қайраттын» салуға шешім қабылдадық», – деді қала тұрғыны Рамазан Сәдуақас.

Оқи отырыңыз: «Қайрат» - «Реал»: жылдың басты спорттық оқиғасына дайындық қалай