Түрмедегі азаптау: сотталғандарға уақытында көмек көрсетпеген медицина қызметкерлері жауапқа тартылды

06.01.2026 18:12

Шымкентте түрме қызметкерлері сотталушыларды азаптағаны үшін қамауға алынды

Шымкентте түрме қызметкерлері сотталушыларды азаптағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Үш бірдей лауазымды тұлға жазасын өтеушілердің қолына кісен салып, төрт сағат бойы темір торға іліп қойған. Онымен қоймай, оларды ұрып-соғып, аяқ киімсіз табандарын резеңке таяқпен тоқпақтаған көрінеді. Тексеру барысында зәбір көргендердің бірінің жақ сүйегі сынғаны анықталған. Өткен жылдың маусымында болған жағдай енді ғана әшкереленіп отыр. Бүгінде сотталушылар басқа түрмеге ауыстырылған. Ал мекеме қызметкерлері абақтыда отыр. Сондай-ақ колонияның медицина қызметкерлері де уақытында көмек көрсетпегені үшін жауапқа тартылуда.

 «Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің департаментінің №53 мекемесінің қызметкерлеріне қатысты азаптау фактісімен қылмыстық іс тергелуде. Іс бойынша қазіргі таңда 3 лауазымды тұлға күдікті деп танылып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу сотымен санкцияланды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының бастығы Нұржан Серікбаев.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында газ қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді