Қоғамдық жұмысқа белсене араласқан азаматтар марапатталды
Тұтынушылар онлайн-сервистер мен дүкендердегі құқық бұзушылықпен көп кездеседі. Бұл туралы қалада құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған әлеуметтік жоба нәтижесінде белгілі болған. «Тұтынушылардың құқығын қорғау» атты бастама 8 айға созылып, өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онда қоғамдық жұмысқа белсене араласқан азаматтар марапатталды. Іс-шара аясында жоғары оқу орындарына дәрістер оқылып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктері мен заң нормалары түсіндірілген. Сондай-ақ қаладағы 60-тан аса сауда нүктесі мен қоғамдық орындарда ақпараттық акциялар өткізіліпті. Түсіндірме жұмыстардың нәтижесінде 2000-нан астам тұрғынға өз мүддесін қалай қорғау керек екенін түсіндірді.
«Халық арасында әлі де болса құқықтық, қаржылық, интернеттегі әлеуметтік сауаттың төмендігіне көзіміз жетіп отыр. Жаңағы айтылып жатқан алаяқтықтардың барлығы шын өмірде ғана емес, әлеуметтік желіде де көрінісін тауып отыр», – деді қалалық «Жастар рухы » жастар қанатының төрағасы Дидар Ділдәбек.
Оқи отырыңыз: Банктер туралы заң жобасы онлайн несие мен алаяқтықтың алдын алмақ