ТЖМ құтқарушылары Алматы тауында альпинисті құтқарды

25.01.2026 14:55

59 жастағы ер адам аяғын жарақаттап, таудан түсе алмай қалған

Depositphotos.com

Бүгін таңертең Алматы қаласы Медеу ауданында, теңіз деңгейінен 3630 метр биіктікте орналасқан Мыңжылқы шыңында ТЖМ құтқарушылары зардап шеккен альпинисті эвакуациялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ТЖМ хабарламасында, 23-ші әмбебап құтқару бөлімшесіне альпинизм нұсқаушысынан 59 жастағы ер адам аяғын жарақаттап алғаны және биік таулы жерлерден өздігінен жүре алмай жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына шұғыл көмек көрсету үшін 23-ші әмбебап бөлімшенің құтқарушылар экипажы, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының реанимобилі жедел түрде жіберілді. Құтқарушылар қысқа мерзім ішінде Мыңжылқы шыңына жетіп, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қауіпсіз эвакуациялауды ұйымдастырды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Апаттар медицинасы орталығының реанимобилі тәулік бойы жұмыс істейді және Шымбұлақ тау шаңғысы курортының жанында кезекшілік етеді. Бөлімше ТЖМ министрі Шыңғыс Әріновтің және Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен ашылған.

Оқи отырыңыз: Өскемендегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты