ТЖМ тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды

02.05.2026 17:14

ТЖМ құтқарушыларға еш кедергісіз қозғалуына жағдай жасау әр тұрғынның жауапкершілігі екенін атап өтті

Аlmaty.tv

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңызын ескертті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мамандардың айтуынша, төтенше жағдайда әрбір секунд маңызды, сондықтан құтқару қызметтерінің кедергісіз жетуі – адам өмірін сақтап қалудың басты шарттарының бірі.

Осыған байланысты ведомство аула ішіндегі жолдарды, әсіресе өрт гидранттарына апаратын өткелдерді бөгемеуге шақырады.

Сондай-ақ өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған арнайы алаңдар әрдайым бос болуы тиіс.

Бұдан бөлек, шлагбаумдардың автоматты ашылу жүйесі үнемі дұрыс жұмыс істеп тұруы қажет. Бұл – өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың оқиға орнына жылдам жетуіне мүмкіндік береді.

ТЖМ өкілдері төтенше жағдайда құтқарушылар дер кезінде көмекке келетінін, алайда олардың еш кедергісіз қозғалуына жағдай жасау әр тұрғынның жауапкершілігі екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Шоколадтағы құлпынайды қалай дұрыс таңдау керек