6 жастағы қыз бала мамандандырылған медициналық көмек қажет еткен
Төтенше жағдайлар министрлігінің авиаборты 6 жастағы қыз баланы шұғыл түрде жеткізу үшін Қызылорда - Алматы бағыты бойынша ұшып шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Ведомство мәліметінше, мамандандырылған медициналық көмек қажет еткен 2019 жылы туған қыз бала Алматы қаласының бейінді медициналық мекемелерінің біріне шұғыл жетуізілді.
«Әуе кемесінің бортында баланы анасы, сондай-ақ санитарлық авиация дәрігерлері алып жүрді. Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақ экипажының және санитарлық авиация медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында ұшу штаттық режимде және қиындықсыз өтті», - делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ ұшағы Алматы әуежайына қонды, одан кейін қыз жедел медициналық жәрдем бригадасына мамандардың бақылауымен одан әрі тексеру және емдеу үшін берілді.
Оқи отырыңыз: Алматыда балалар мен жасөспірімдерді қорғау мәселелері талқыланды