Оқиғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды
Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі аударылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға Ескелді би мен Қаблиса жырау көшелерінің қиылысында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан арнайы көліктің қатты соққыдан кейін бірнеше рет төңкеріліп кеткені байқалады. Жол апаты орнына бірден басқа бригада келіп жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі бағдаршамның белгісіне қарамастан жылдам өтпек болып, Toyota маркалы автомобильмен соқтығысқан. Салдарынан 2 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды.
«Алдын ала дерекке сәйкес, жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемей өтіп, Toyota көлігімен соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан жедел жәрдемнің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта кінәлі азаматқа қатысты заң аясында процессуалдық шаралар қабылдануда» – делінген Жетісу облысының Полиция департаментінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Шерзат Полат ісі: Думан Ысқақ бостандыққа шықты