Үйіне 36 мың адам тіркеген: Көші-қон комитеті заңсыз пайда тапқан пәтер иелеріне ескерту жасады

20.09.2024 15:53

Биыл республика аумағында 1400-ге жуық жағдай анықталған

Almaty.tv

Елімізде бөтен адамды үйіне тіркеп, заңсыз жолмен пайда табатын пәтер иелерінің қатары көбейіп барады. Мұндай азаматтарға Көші-қон комитеті ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құзырлы орган өкілдері бұл әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік барын айтты. Биыл республика аумағында 1400-ге жуық жағдай анықталған. Нәтижесінде 200 мыңнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Елімізде 1400-ге тарта «резіңке пәтер» анықталды. Бұл үйде 36 мың адам тіркелген. Бұл ретте үйінде тұрмайтын адамды тіркеуге алған азаматтарға әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік артылатынын ескерткім келеді, – деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.