Олар қамауға алынып, тергеліп жатыр
Алматы облысында бір үйір жылқыға заңсыз оқ атып, етін сойып алып кетті деп күдікке ілінген 4 ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жедел-іздестіру барысында Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ақши ауылының 20–25 жас аралығындағы төрт азаматы анықталып, ұсталған. Елдімекен тұрғындарының сөзінше, олар үй жануарларын атып, заңсыз әрекетін жасыру үшін малды сойып, етін алып кеткен. Бүгінде олар қамауға алынып, тергеліп жатыр.
«Тергеу барысында айғақ зат ретінде аңшылық қару, сондай-ақ сойылған жылқының бөлшектері Ақши ауылындағы үйлердің бірінен, жасырынған жерінен табылып, тәркіленіп, ет заңды иесіне қайтарылды. Аталған қылмыстық істің тергелу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда», – деді Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Ұлан Боранбек.
Оқи отырыңыз: Бетін де тіліп тастаған: Шымкентте жас қыздың денесін туыстары мәйітханадан алды