Референдумға дейін:
14
күн
11
сағат
9
минут

ҰҚК 150 мың қорап темекіні заңсыз өткізбек болғандарды ұстады

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Темекі бұйымдары автокөлік цистернасының арнайы жасырылған бөлігінде болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі темекі бұйымдарын заңсыз әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 19 ақпанда «Сыпатай батыр» автокөлік өткізу пункті аумағында елге 150 мың қорап акцизсіз темекі өнімін кіргізбек болған әрекет тоқтатылды.

"Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген тауардың құны шамамен 60 млн теңгені құрайды", - делінген хабарламада.

Темекі бұйымдары автокөлік цистернасының арнайы жасырылған бөлігінде болған. Жүк тиісті ілеспе құжаттарсыз тасымалданған.

Аталған дерек бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті тергеу органына жолданды.

Оқи отырыңыз: Жұмысынан айырылған қанша адамға әлеуметтік төлем төленді

Новости партнеров