ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры тағайындалды

08.07.2025 18:53

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Нұржан Құсайынов ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган ҰҚК құрамына өтетіні туралы хабарлаған болатынбыз

Оқи отырыңыз: Қазақстан Нью-Йоркке, Токио мен Сингапурге әуе рейстерін ашу мәселесін пысықтап жатыр