ҰҚШҰ әскерін мүше елдерге енгізу негіздері кеңейтіледі

14.01.2026 20:11

Мәжіліс депутаттары ұйымға қатысты екі құжатты ратификациялау үшін палатаның қарауына жіберді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерін оған мүше елдер аумағына енгізу себептері көбейеді. Мәжіліс депутаттары ұйымға қатысты екі құжатты ратификациялау үшін палатаның қарауына жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәжіліс депутаты Айгүл Құспанның айтуынша, күштік құрылымдар дағдарыс жағдайларын болдырмауға, гуманитарлық көмек көрсетуге, кенеттен тексерулер жүргізу үшін кіргізіледі екен. Сонымен қатар ұйымға мүше елдер арасында әскерді, әскери техниканы және басқа да әскери мүлікті тасымалдау тәртібіне де өзгерістер енгізіледі.

 «Келісімге енгізілетін өзгерістер аталған тасмалдарды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге байланыст құқықтық базаны жетілдіруді көздейді. Бұдан басқа түзетулер әскери және басқа да құралымдарды тасымалдауды ұйымдастыру және орындау кезінде олардың мақсаты бойынша міндеттерді орындау кезінде дереу шаралар қабылдаған жағдайда жеделдік деңгейін арттыруға бағытталған», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан.

Оқи отырыңыз: Тауар қайда өндірілді: ЕАЭО елдеріне ортақ жаңа талап енгізілмек