Биыл елде жеңіл өнеркәсіп саласында жаңа өндірістер ашылып, кәсіпкерлерге арналған қолдау тетіктері кеңейіп жатыр. Өндірістік жабдық шығындарының бір бөлігін өтеу мен жеңілдетілген несие беру жұмысы да жалғасып келеді. Алайда отандық өнімнің ішкі нарықтағы үлесін арттыру мәселесі әлі де өзекті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Импорт басым нарықта қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің бәсекеге қабілеті қандай? Мемлекет ұсынған жеңілдіктер кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетті ме?
Осы және өзге сұрақтарға студия қонағы отандық фабриканың бас директоры Азамат Смадиевтан жауап береді.