Үкіметте стратегиялық мұнай газ жобаларын дамыту мәселесі талқыланды

23.05.2026 17:17

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады

t.me/KZgovernment

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «ExxonMobil» компаниясының халықаралық үкіметтік қатынастар жөніндегі аға директоры Юрия Киммен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Кездесу барысында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың ағымдағы мәселелері және мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективалары қаралды.

Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде көмірсутектерді өндіру, экспорттық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға және ынтымақтастықтың белгіленген бағыттарын пысықтауға дайындық расталды.

Оқи отырыңыз: Қытайда шахтадағы жарылыс салдарынан 90 кенші қаза тапты