Дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тізімінде 1096 тұрғын тіркелсе, олардың 1066-сы таңдау жасаған
Үлкен ауылында тұрғындардың 97 пайыз референдумға қатысып, жоғары белсенділік танытты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үлкен ауылдық округіндегі №332 референдум учаскесі дауыс беру күнінде айтарлықтай белсенділікпен ерекшеленді. Дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тізімінде 1096 тұрғын тіркелген болса, олардың 1066-сы дауыс беруге келіп, таңдауын жасады. Бұл жалпы дауыс берушілердің 97%-ын құрайды, бұл ауыл тұрғындарының азаматтық белсенділігінің жоғары деңгейде екенін көрсетеді.
Жамбыл ауданындағы №77референдум учаскесі де өз жұмысын қарқынды жүргізді, сайлаушылар толассыз дауыс беруге келді.
Оқи отырыңыз: Референдум: елімізде 63,87 пайыз сайлаушы дауыс берген