Ұлттық қор – балаларға: 400 мыңнан астам бала қаражатты қалай жұмсады

16.10.2026 15:34

140 мыңға жуық балаға 30,57 миллион доллар аударылған

Төрт жүз мыңнан астам бала «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасынан қаражат алып, оны пайдаланған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оларға 88,86 миллион доллардан асатын төлем жасалған. Оның ішінде 270 мыңға жуық жеткіншекке баспана жағдайын жақсартуға 58,29 миллион доллар берілсе, білім аламын деп ниеттенген 140 мыңға жуық балаға 30,57 миллион доллар аударылған. 
Айта кетейік, егер бала ақшаны жұмсамаса, ол шотта 10 жыл сақталады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін қаражат жеткіншектің өз қалауымен зейнетақы жинауға арналған жеке шотына аударылады

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ана мен бала денсаулығын қорғау шаралары күшейтіледі

Толық көрсету