«Ұлттық құрылтай – ел ішіндегі қоғамдық пікір мен мемлекеттік саясатты тоғыстыратын маңызды диалог алаңы». Алматылық саясаттанушылардың пікірі осындай. Сөздерінше, Сыр елінде өткен басқосуда ішкі және сыртқы саясаттың өзекті бағыттары кеңінен талқыланып, ел дамуының басымдықтары айқындалды.
Қызылорда төрінде өткен келелі кеңесте тағы қандай мәселелер күн тәртібіне шықты? Билік пен қоғам арасындағы ашық диалогты күшейту бағытында қандай ой-пікірлер айтылды?
Осы және өзге де маңызды сауалдарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы саяси ғылымдар докторы, профессор Жомарт Сімтіков жауап береді
– Жомарт мырза, құрылтайда қозғалған саяси реформалар мен басқару жүйесін жаңғырту бастамалары қазіргі күрделі геосаяси жағдайда еліміз үшін қаншалықты маңызды?
«Биыл болған құрылтай өзгеше және ерекше деп айтуға болады. Ішкі және сыртқы саясаттағы түрлі мәселелер тығыз байланысты болды. Оның ішінде әлемдегі тұрақсыздық жағдайындағы елдің егемендігін, тәуелсіздікті сақтап қалу жолындағы ішкі бірлікті және саяси реформалардың қатар жүруі – бұл босқосудығ ерекшелігін аңғартады. АҚШ-тағы, Таяу Шығыстағы, Ресейдегі болып жатқан жағдай, сонымен қатар геостратегиялық ортадағы орналасқан мемлекет ретіндегі өзіміздің тұрақты саяси процесстерді реттеуіміз. Биліктің лигитимді болу мәселесі күн тәртібіне қойылуы және оның халықпен тікелей байланыста диолог ретінде өтуі – құрылтайдың ерекшелігін көрсете алды. Құрылтайға халыққа түсінікті деп айтуға болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың батыл шешімдерді және билік пен халықтың арасындағы диологты орнатудағы ерекшелігін көрсете алды деп ойлаймын».
– Жомарт мырза құрылтайда билік пен қоғам арасындағы диалогты күшейту мәселесі де қаралды. Сіздіңше, бұл диалог нақты қандай тетіктер арқылы іске асуы тиіс?
«Диалог жөнінде, әсіресе мынау саясаттанушылардың арасында немесе қоғамтанушылардың арасында көп әңгіме болады. Бұл диалог теориялық тұрғыда болмауы керек, оның нағыз шешімі болуы керек. Диолог арқылы біз көптеген процесстердің, дағдарыстардың алдын аламыз. Сонымен қатар идеолог арқылы халық пен биліктің арасындағы идеолог жүйелі түрде болуы керек екенін көрсете алды. Идеологтың жүйелі болуы – елімізде жүріп жатқан реформалар ғана емес, сонымен қатар билік пен халықтың арасында және системадан жүйелі түрде жүргізіп жатқандығын көрсете алатындай дүние болуы тиіс. Оның алғы шарттарын жасай алды. Диалог арқылы бүгінгі таңдағы халық пен биліктің арасындағы алтын көпірдің белгілі бір дәрежеде ұстанымдары дұрыс болды деп ойлаймын».
Оқи отырыңыз: Елімізде корпоративтік табыс салығына қатысты өзгерістер күшіне енді