Ұлттық қор - балаларға: балалар қаражатын қайда жұмсады

Andre Taissin/unsplash.com/
Andre Taissin/unsplash.com/

Жиналған қаражатты толығымен немесе ішінара пайдалануға болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 11,49 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 «2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 97 615 өтініш орындалып, жалпы сомасы 11,49 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторлар арқылы өтініш берушілердің банктік шоттарына аударылды», — делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Қаражат қайда бағытталды?

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға — 6,70 миллион АҚШ доллары (56 937 өтініш):

▪️ 6,55 миллион доллар — тұрғын үй құрылыс жинақтарын толықтыруға (55 539 өтініш)
▪️ 49,94 мың доллар — ипотекалық несиенің бастапқы жарнасы ретінде (442 өтініш)
▪️ 38,57 мың доллар — азаматтық-құқықтық мәмілелер арқылы тұрғын үй сатып алуға (370 өтініш)

Білім алу үшін — 4,79 миллион АҚШ доллары (40 678 өтініш):

▪️ 4,24 миллион доллар — Қазақстандағы оқу ақысын төлеуге (35 617 өтініш)
▪️ 412,21 мың доллар — білім беру жинақ шотын толықтыруға (3 789 өтініш)
▪️ 114,96 мың доллар — шетелдегі оқу ақысын төлеуге (1 067 өтініш)

«Биыл еліміздің барлық баласына Ұлттық қордан екінші рет қаражат есептелді. Жиналған қаражатты толығымен немесе ішінара пайдалануға болады. Қолданылмаған сома мақсатты жинақ шотында (МЖШ) қалады», — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қар көшкіні: қауіпті аймақтар қалай анықталады

Новости партнеров