Ұлттық өнер - ұлттың қазынасы: білім ордасында «Тақиялы періште» қойылымы көрсетілді

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған басқосуда дәстүр дәріптеліп, ұлттық құндылықтар ұлықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы №181 жалпы білім беретін мектепте «Ұлттық өнер - ұлттың қазынасы» атауымен іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған басқосуда дәстүр дәріптеліп, ұлттық құндылықтар ұлықталды. Жиынға жиналған жұрт алдымен Қазақстанның халық әртісі, көрнекті режиссер Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай сахналанған «Тақиялы періште» қойылымын тамашалады. Кейін француз тілін үйрететін сынып таныстырылып, ою-өрнекті 3D принтермен жасау әдістері де көрсетілді. Сондай-ақ оқушылар «Жасыл мектеп» бағдарламасының негізінде жасаған жобаларының мақсатын түсіндіріп, көпшілікті қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.

"Ұлттық құндылықтарды дамытуда көптеген жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе ұлттық өнер, мәдениет, ұлт даналағы, ұлттық спорт, қолданбалы өнер, мәдениет және театр өнеріне терең көңіл бөлінуде. Жас дебатёр қозғалысы бойынша, дебат клубы, жас эколог қозғалысы бойынша жасыл мектеп бағдарламасы мектебімізде үлкен белең алды", – деді №181 жалпы білім беретін мектептің директоры Жеңісгүл Сатаева.

Оқи отырыңыз: "Алпамыс батыр" жыры ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне ене ме

Новости партнеров